Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада балалар лагері мен ботаникалық орталық құрылысы қарқынды жүріп жатыр

17.04.2026, 22:54 153

Қызылордада Президент саябағы аумағында заманауи балалар тынығу лагері мен ботаникалық білім беру орталығының құрылысы жалғасуда.

Жоба аясында жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық балалар лагері және қысқы бақ салынып жатыр. Жоспар бойынша нысандар биыл пайдалануға берілуі тиіс.

Осыған байланысты қала әкімі Нұржан Ахатов құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ол мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жобаның сапасы мен мерзіміне айрықша мән беру қажеттігін айтты.

Қала әкімінің сөзінше, лагерь құрылысы кезінде қауіпсіздік пен сапа талаптары қатаң сақталуы керек. Себебі бұл жоба балалардың демалысына арналған еліміздегі сирек нысандардың бірі болмақ. Сондай-ақ, ботаникалық бақ та тұрғындар сұранысына ие әлеуметтік маңызы бар нысан ретінде бағаланып отыр.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын «Alem Qurylys AQ» ЖШС жүргізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: