Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бала жоғалды

28.04.2021, 10:25 324

HALYQLINE.KZ

27.04.2021 жылы кешкі сағат 19:35 шамасында Қызылорда қаласы Титов қыстағында кәмелетке толмаған, 27.06.2015 жылы туған Бахыт Альтаир Мақсатұлының жоғалғандығы туралы арыз түсті. Ата-анасының айтуынша, 6 жастағы бала кеше сағат 10:00 шамасында үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланың ата-анасы полицияға 9 сағаттан кейін ғана хабар берген. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.

Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты үй шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. Сонымен қатар, баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: