Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ауыл әкімдерінің сайлауына 134 кандидат қатысады

15.07.2021, 12:15 416

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысынан ауыл әкімдерінің сайлауына 134 кандидат тіркелді. Оның 49-ы саяси партиядан болса, ал 85-і өзін-өзі ұсынған. Әйткенмен үш кандидаттың тіркеуі тоқтатылды. Екі кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс келмеуіне және бір азамат өзі бас тартқан.

Яғни, 25 шілдеде сайлауға 131 кандидат қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

– Сайлау комиссияларына ұсыну және тіркеу кезеңінде өтініштер түскен жоқ. Барлық тіркелген кандидаттар тиісті ауылдық округтен куәлігін алып, сайлау бюллетеніне енгізілетін болады, – деді Ғалым Қонақбайұлы.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: