Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Қызылорда-Павлодар» тас жолына қойылған медициналық-бақылау бекетінің жұмысымен танысты. Өңір басшысына қала әкімі және облыстық полиция департаментінің бастығы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жалпы аймақта бүгіннен бастап Жезғазған, Түркістан, Ақтөбе бағыттары бойынша 4 медициналық-бақылау бекеті жұмыс істейді. Жауапты сала мамандары аймаққа келім-кетім көліктерді тоқтатып, азаматтардың жағдайын тексереді. Қауіпсіздік мақсатында азаматтардың жеке мәліметтері жинақталады.
![](http://halyqline.kz/wp-content/uploads/2020/03/sajtqa-27.jpg)
![](http://halyqline.kz/wp-content/uploads/2020/03/sajtqa196.jpg)
Аталған бекеттерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және полиция департаменті қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
Аймақ басшысы медициналық-бақылау бекетіндегі сала мамандарына тапсырма берді.
«Нұр-сұлтан, Қарағанды қаласынан келген азаматтарды толық тексеруден өткізіп,міндетті түрде арнайы анкета толтыру қажет. Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың барлығы уақытылы, мүлтіксіз орындалуы керек. Сонымен қатар, ірі және шағын сауда нүктелеріндегі азық-түлік сататын бөлімдердегі тазалық талапқа сай болуы тиіс. Залалсыздандыру құрылғыларына,бетпердеге аса мән беріңіздер. Тағамдану орындары кешкі сағат 10.00-ге дейін, ал мейрамханалар жұмысын мүлдем тоқтату керек»,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!