Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 38 автокөлік өрті тіркелді

09.09.2020, 14:20 682

HALYQLINE.KZ Өрттердің шығуының басты себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауын болуда . Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. 

Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз біз үшін аса маңызды. Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайық! Өрт немесе басқа да жағдай орын алғанда 101 немесе 112 нөмеріне қоңырау шалыңыз.

Қызылорда қаласы ТЖБ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: