Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 16 мыңнан аса ана әлеуметтік төлем алады

21.06.2023, 11:05 164

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иеленген 16 мың 846 ана әлеуметтік төлем алады. Мұндай алтын құрсақты аналар қатарына жыл басынан бері 354 әйел қосылған. Әлеуметтік сала мамандары шілде айынан бастап «Алтын алқа», «Батыр ана» және «Ана даңқы» медальдарының иегерлеріне төленетін төлем 25 мың 530 теңгеге ұлғаятынын айтады. Ал, «Күміс алқа» иегерлеріне бұрынғысынша 22 мың 80 теңге төлем төлене бермек. Осыған дейін бұл санаттағылардың барлығы үшін 22 мың 80 теңге әлеуметтік төлем беріліп келген.

Ал, аймақ бойынша 4 және 5 баласы бар көп балалы аналар саны бүгінде 35 мың 226-ны құрап отыр.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: