Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда жылу беру маусымына дайындықты бастады

28.07.2020, 16:00 426

HALYQLINE.KZ Қызылордада жылу беру маусымында әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарды 163,6 мың тонна көмір отынымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қыдыркүл Құдабекова мәлімдеді.

«Бүгінде облысқа 7,0 мың тонна көмір әкелінді. Ал әлеуметтік нысандарға қажетті отын қорын жеткізуші мекемелермен келісімшарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілді. Қазіргі таңда, 1185 әлеуметтік нысанның қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, 7 дана қазандық және 3,6 шақырым жылу желілері жаңғыртылуда», – деді Қыдыркүл Нұрабайқызы.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1,5 шақырым магистралдық жылу желісін реконструкциялау жұмыстары атқарылып, 66 пайызы орындалды.

«Аймақта көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін мекемелермен тікелей келісімшарт жасалды. Яғни, қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында», – деді Қыдыркүл Нұрабайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: