Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: теміржол көлігі қызметі қымбаттады

21.09.2020, 16:45 607 0

HALYQLINE.KZ Жолаушылар үшін теміржол көлігі қызметі бір жылда 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында теміржол көлігімен 267,2 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4%-ға артық. Тікелей жүк тасымалы тамыз айында 35,2 млн тоннаны құрап, 2020 жылдың шілдесімен салыстырғанда 0,7%-ға және өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеді.

Жүк айналымы 4,4% – ға, 194,1 млрд ткм-ге дейін өсті. Ағымдағы жылдың тамыз айында жүк айналымы 25,4 млрд ткм құрады. Бұл шілдемен салыстырғанда 1,1%-ға және өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 4,5%-ға аз.

Тамыз айында жолаушылар теміржол көлігі қызметі 9,9%-ға қымбаттады. Өңірлер арасында бағаның өсуі Түркістан облысының тұрғындарына айтарлықтай әсер етті: жылдық өсім 23,8%-ды құрады.

Сондай-ақ, Ақмола облысында (15,8%-ға) және Алматыда (15,1%-ға) да бағалар өсті.

Ақтөбе (0,1%-ға), Қызылорда (1,5%-ға) және Батыс Қазақстан (1,6%-ға) облыстарында қызметтер біршама қымбаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: