Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Су айдындарында 30-ға жуық оқиға тіркелген

17.08.2020, 14:00 560

HALYQLINE.KZ Осы жылы Қызылорда су айдындарында 28 оқиға тікелді, (Республика бойынша – 295 адам, 92 бала) онда 31 адам (оның 11-і – бала) қайтыс болды. (2019 жылы – 31 адам, оның 9-ы – бала).

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев және Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Бақыт Ембергенов айтты.

Су айдырдарындағы сақтық шараларын сақтамағаны үшін:

6 адам – балық аулау кезінде;

3 адам (оның 1-еуі – бала) – белгісіз жағдайлар кезінде (қалқып жүрген денесі табылған);

4 адам (оның 3-еуі – бала) – бақытсыз оқиға (арыққа құлау, атпен каналды кешіп өту кезінде);

18 адам (оның 7-еуі – бала) – суға түсуге арналмаған орында суға шомылу кезінде батып кеткен.

2 адам құтқарылды.

13-17 тамыз аралығында 1 жағдай тіркелді, онда 1 адам балық аулау кезінде суда қаза болды.

2020 жылғы 16 тамыз 15:25 минутта Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округы, Жалаңаш ауылы (ауданнан 90 шакырым жерде), кіші Арал теңізі, №6 учаскесі, 10:58 минут шамасында пластмасса қайығымен балық аулауға шығып (балық аулауда достарымен болған) аударылып суға батып кеткен 1965 жылы туған Бақтыбай Қ.Б. (Арал қаласы, Ақтан батыр көшесі №4 үй тұрғыны)«ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ (4 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 моторлы қайық) құтқарушыларымен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ.

2020 жылы облыс аумағындағы су айдындарында суға кету жағдайының:

15-і – Сырдария өзенінде (2019 жылы – 7 жағдай);

6-ауы – каналда (2019 жылы – 10 жағдай);

4-еуі – көлде (2019 жылы – 4 жағдай);

3-еуі – Кіші Арал теңізі (2019 жылы – 2 жағдай);

1-еуі – арықта;

1-еуі – жасанды су қоймасында.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу.

Атап айтсақ:

– өзен немесе каналдардың кез келген әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі;

– балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

– спирттік ішімдік ішіп суға түсуі;

– балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда.

Сонымен қатар, ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда және осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады.

Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері (54 сүңгуір маман) мен құралдары (18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6 бірлік, пластикалық қайық – 2 бірлік, үрлемелі қайық – 16 бірлік) әзірлікке келтірілді. Жедел-құтқару техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары, сондай-ақ жеке құрамның жабдықтарды, құтқару құралдарын (құтқару шеңберлері және кеудешелер, «Александров жібі») пайдалануға дайындығы тексерілді.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып (қалалық полиция басқармасы, БАҚ-өкілдері), күнделікті бекітілген кестелерге сәйкес күнделікті 15:00-21:00 ге дейін рейдтік іс-шаралар өткізеді және жедел құтқару жасағының құтқарушылары қала аумағындағы халықтың суға шомылатын дағдыланған орындарында (Жаңа көпір аумағы, «Мерей» м/а, 3-ірілендірілген квартал аумағы) күнделікті 14:00-21:00 ге кезекшілік ұйымдастырылуда.

Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 901 рейд (29 сәуір-17 тамыз аралығында) жүргізді. Аталған іс-шараларда барлығы 6911 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 2591 қызметкер профилактикалық рейдке жұмылдырылып, 6911 тұрғынға (оның ішінде 2600 жасөспірім) түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі үшін мектептердің онлайн сабақтарында және уатсап (WhatsApp) мессенджеріндегі чаттарда ата-аналар мен балаларға судағы қауіпсіздік ережелері және судан абай болу керектігі жөнінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация қызметінде Департамент басшылығының қатысуымен 2020 жылғы суға шомылу маусымын кезеңі бойынша 12 брифинг өтті.

Жылжымалы мобильді ескерту пунктінің көмегімен тұрғындар жаппай шоғырланған жерлерде тұрғындарға су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: