Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Қатты жел біраз ғимараттың шатырын шайқады

25.03.2020, 9:53 518

Қазгидрометтің хабарлауынша, 24 наурыз күні Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, шаңды дауыл сақталады делінген.

Бүгінде болжамға сәйкес, күн райының қолайсыздығынан облыс аумағындағы бірнеше ғимарттың шатырына зақым келді. Атап айтар болсақ, 11 сағат 30 минут шамасында қатты соққан дауыл желдің салдарынан Жаңақорған ауданы, Шалқия кентіндегі №86 орта мектебінің шатыры ұшып, (шатырдың зақымданған ауданы 350-400 ш/м), кенттің 2 электр бағанасы кұлаған. Салдарында Шалқия кенті, Қыраш, Қосүйеңкі, Бірлік, Құттықожа және Екпінді елді мекендерінің электр жарығымен жабдықталуы уақытша тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 12 сағат 00 минутта қатты желдің салдарынан Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №31 «А» мекенжайда орналасқан «Болашақ» университетінің шатыры ұшқаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Аталған шақырту бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы оқиға орнына жедел жетіп, әрекет етуге кірісті. Анықталғаны оқу ғимаратының шатыр көлемі – 300 ш/м (жалпы көлемі – 3000 ш/м) желге шыдас бермей сөгілген. Оқиға салдарынан адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД 12 адам, 2 техника, Жұмылдыру дайындығы басқармасынан 1 техника, 3 адам жіберілді.

Қатты жел салдарынан 12 сағат 30 минут шамасында Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №7 мекенжайда орналасқан Мәдениет үйінің шатыры ұшқан, көлемі – 230 ш/м (жалпы көлемі – 1200 ш/м). Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: