Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында жәрмеңке өтеді

21.10.2021, 16:45 634

ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

23 қазан күні «Алтын дән-2021» іс-шарасы аясында Қызылорда қаласында барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде (күріш, ет, балық, сүт өнімдері мен көкөністер, жемістер) ауыл шаруашылығы тауарлары нарықтан төмен бағада ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің өтетін орны:

🔹Арал ауданы – С. Торайғыров көшесінің бойы («Шұғыла» балабақшасының алды);

Қазалы ауданы – «Шұғыла» мөлтек ауданы (Ғ.Мұратбаев көшесі мен Қ.Яссауи көшесінің қиылысы);

🔹Қармақшы ауданы – «Журба» көшесінің бойы (Сахи Романов көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы);

Жалағаш ауданы – Титов қыстағы (Ә. Қашаубаев пен Жетікөл көшелерінің қиылысы);

🔹Сырдария ауданы – Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алды);

Шиелі ауданы – Тасбөгет кенті (Орталық алаңы);

🔹Жаңақорған ауданы – Астана даңғылы бойы (Е. Көшербаев көшесі мен А. Иманов көшесінің аралығы).

Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары жәрмеңкеге келіп, Сыр диқаншыларының тартуын қабыл алыңыздар!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: