Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласына жылу қашан беріледі?

07.10.2021, 14:25 486

Қалаға биыл жылу жоспардан ерте беріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев хабарлады.

  • Осы жылы сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімінің шешімімен жылу қазан айының 10-ы күні беріледі. Ал, жылу қазандықтары бөлек «Арай», «Ипподром», «Сырдария», «Астана» және «Сол жағалау» тұрғын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу бүгіннен бастап толығымен беріледі, – деді қала әкімінің орынбасары.

Биылғы жылы магистралдық және кварталаралық жылу құбырларына гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде магистралдық құбырларда 5 ақау және кварталаралық құбырларда 147 ақау болған. Бекітілген жөндеу кестесіне сәйкес аталған ақаулар толығымен қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, мамандармен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен, проблемалық 20 көпқабатты тұрғын үй анықталып отыр. Аталмыш көпқабатты үйлерде орын алған ақауларды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде және жылумен мерзімінде толық қамтамасыз етіледі.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жауапкершілігі шектеулі 4 серіктестік және 13 пәтер иелері кооперативтері жұмыстарын атқаруда.

«Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесіндегі бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев «14 қыркүйектен бастап магистралдық және кварталаралық жылу құбырларына қорытынды гидравликалық сынақ жұмыстары толығымен жүргізіліп, жылу желілеріндегі желілік су салқын айналымға қойылды. Ендігі ретте, тұрғындардың жылу жүйесіне 176 млн. теңгеге жуық қарызы бар. Оны өндіру үшін мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда», – деді.

Үйішілік жылыту жүйесінде авариялық жағдай орын алса, «109» номеріне немесе өз аумағы бойынша басқару орындарына (ПИК) хабарласуға болады.

Сонымен бірге, 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін қатты отын көлемі шамамен 37000 тоннаны құрайтынын және көмір қорының тұрғындарды қамтуға толық жеткілікті екені де аталып өтті.

Жалпы, 740 көпқабатты тұрғын үйлердің 350-де жылу есептегіш құралы орнатылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: