Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында күріш өніміне тапшылық жоқ

08.12.2022, 10:25 534

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда Қызылорда облысының күріш өндірушілерінде 225 мың тонна қара күріш бар болса, оны өңдеу барысында 112,5 мың тонна ақ күріш өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше мұндай көрсеткішпен өз өндірісімізде өндірілген күрішпен республиканы толықтай қамтамасыз етуге болады. 

Сонымен қатар, жиналған күріштің артық мөлшері басқа елдерге жыл сайын бірқалыпты көлемде экспортталып келеді.

«Биылғы жылдың 9-айында 70,6 мың. тонна күріш жөнелтілген болса, оның ішінде 39,2 мың тоннасы ақ күріш және 31,4 мың тоннасы – ұсақ күріш. Экспорталған күріштің көлемі елімізге кері әсерін тигізбейді. Егерде күріш өнімінің экспортына тыйым салынатын болса, күріш өндірушілер өнімдерін сата алмай, олар шығынға ұшырайды.

Сонымен қатар, бағаға келетін болсақ биылғы жылы тыңайтқыштар мен гербицидтердің бағасы 2-3 есеге, ауыл шаруашылығы техникалары 30 пайызға қымбаттағанына байланысты күріш өсірушілер мен өндірушілер өздерінің шығындарын өтеу үшін бағаны көтеруге мәжбүр болып отыр», – делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақбайұлы республика бойынша күріш өніміне тапшылық жоқ және биылғы жылы өндірілген күріш көлемі келесі жылдың жаңа өнімін жинауға дейін жеткілікті екенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: