Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда коронавирустан қалай қорғанып жатыр?

02.04.2020, 10:33 564

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі коронавирус індетін жұқтырған науқастардың жай-күйін баяндады.

«Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 2, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта Қызылорда, Жаңақорған аудандары карантинге жабылды», – деді облыс әкімі «Хабар 24» телеарнасындағы мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, індеттің алдын алу шаралары толық жүргізіліп жатыр.

«Ең алдымен, адамдар мен барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Барлық науқастар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Вирус тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынып жатыр», – деді Гүлшара  Әбдіқалықова.

«Қызылорда халқы аты жаман індеттен қалай қорғанып жатыр?» деген сауал өзге қаладағы таныстардың алаңына да айналып үлгерді. Олай дейтін себебіміз, қазір қаладағы ахуал күннен-күнге ушығып барады. Облыс басшысы «індеттің алдын алу шаралары толық жүргізіліп жатыр» дегенді айтады. Қалай десек те, сақтық шараларын әр адам өзінен бастауы керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: