Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

18.06.2020, 10:55 364

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 532, ал симптомсыз – 196 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 465-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа 17 жағдайдың 13-і скринингтен, 2-еуі өз еркімен ақылы тест сынамасын тапсырған, ал қалған 2-еуі індет жұқтырған азаматпен байланыста болған. Сондай-ақ, соңғы тәулікте симптомсыз коронавирус инфекциясының 31 дерегі анықталды. Оның 10-ы скринингтен, 11-і қарым-қатынас арқылы, 10-ы ақылы тест сынамасын тапсырғаннан анықталды», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6064 азамат анықталды. Оның ішінде, 3700-і – тікелей қарым-қатынаста, 2364-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: