Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда көшелері залалсыздандырылды (фото)

15.07.2020, 17:25 680 0

HALYQLINE.KZ Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты қаламызды инфекциядан залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, белгіленген арнайы кестеге сай инфекция таралуының алдын алу үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскерилер және «Қызылорда тазалығы» мекемесі күнделікті дезинфекциялау жұмыстарын істеуде.

Бүгінгі залалсыздандыру қаланың шет аймақтарындағы Гагарин және Титов қыстақтарында жүргізілді. Дезинфекциялау жұмыстары көпқабатты үйлердің аулалары, кіре берістері, балалар ойын алаңдары, дүкендер мен сауда орындары, аялдамалар мен қоқыс жәшіктері, халық көп шоғырланатын жерлер және Сәулет мөлтек ауданына қарасты көшелерге жасалды. Бұл жұмыстар әрі қарай да қала әкімдігінің бекіткен кестесіне сай кезең кезегімен атқарылып, қала аумағы толығымен дезинфекцияланады.

Карантин режимі енгізілгеннен бастап бүгінге дейін қаламыздағы адам көп шоғырланатын орындар мен тұрғын үйлердің аумақтарына бірнеше мәрте дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, 6,5 млн жуық аймақ залалсыздандырылды. Вирус ошағы анықталған жерлерге үздіксіз дезинфекциялау жүргізілуде. Бұл жұмыстарға барлығы 81 адам, 8 техника жұмылдырылған. Бұған қоса халық нөпірі көп жерлердегі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 10 дезинфекциялау тоннельдері орнатылған.

Қала тұрғындары карантиндік талаптарды қатаң сақтап, қорғаныс маскаларын киіп, өзара тиісті ара қашықтықты ұстап, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармауларын сұраймыз.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: