Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Автобустарға электрондық билет жүйесі енгізілді

24.06.2020, 11:50 1242

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – цифрлық технологияларды қолдану арқылы елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған маңызды кешенді бағдарлама. Бағдарламаның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Осы күні «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша қаламызда да жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде электронды түрде жолақысын төлеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Электронды билет жүйесіне көшуде сараланған тарифті енгізу – уақыт өлшемі және жолаушыларды қолма-қол ақшасыз (электронды) төлем әдісін таңдауға ынталандырудың экономикалық әдісі. Яғни, көлік карталары, банктік карталар, SMS төлемдер, 4 мобильді қосымша, NFC смартфондарын пайдаланғаны үшін төлем (жолақысы) – 90 теңге, қолма-қол 150 теңгеге жуық болады. Қазақстанның көп қалаларында (Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Талдықорған және т.б.) электронды билеттер енгізілген, сондай-ақ қолма-қол ақшамен төлем жоғарылатылған тариф енгізілген. Сондықтан, осы заманауи және перспективалы қызметке түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қызылорда автобус паркі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: