Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 20 тонна жіп тиеген жүк көлігі өртенді

30.06.2021, 18:30 291

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында Ресейге бет алған 20 тонна орама жіп тиелген жүк көлігі өртенді. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға 30 маусымда «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі ортқа оранған.

«Бұл жайындағы хабарлама сағат 5.33-те аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне келіп түсті. Оқиға Жаңақорған ауданының орталығына 45 шақырым қалған аумақта болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік тіркемесінде 20 тонна орама жіп тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен көліктің кабинасы толықтай сақталып қалды. Өрт 07.22-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: