Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 2 мыңға жуық отбасы қоныстойын тойлайды

07.06.2023, 12:03 122

Биыл Сыр өңірінде 130 мың шаршы метр болатын 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

«Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы орта құру мәселесі басты назарда. Өңірімізде биыл 1430 пәтерлік 30 тұрғын үй халық игілігіне беріледі», – деді аймақ басшысы.

Тұрғын үй салудан бөлек, өңірде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым жүйелерін дамыту жобалары да қарқынды жүзеге асуда. Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстар істелуде.

2023-2026 жылдар аралығында «Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау» жобасына 12 млрд. теңге қарастырылуда.

Өткен жылы 6 ауыл «көгілдір отынға» қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жеткен. Биыл 12 елді мекенді газдандырған соң бұл көрсеткішті 75 пайызға жеткізу жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: