Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылөзектегі қынулы қимыл

18.09.2023, 18:00 154

HALYQLINE.KZ

Кездесу Қызылөзек ауылында жалғасты. Тұрғындармен жүздесуде шаһар басшысы А.Өмірбекұлы атқарылған жұмыстардың бірқатарына тоқталды.

Ауылда жыл басынан бері игілікті жобалар жүзеге асырылуда. Оған жергілікті бюджеттерден 396,8 млн теңге бөлінген болатын. Яғни, аумақтар абаттандырылып, елді мекеннің тазалығы жолға қойылды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 6 көше жөнделіп, 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолы түсуде. Осы жұмыстармен қатар, 4 көшенің бойына жарық бағаналары орнатылды.

Кәсіпкер-демеушілердің қолдауымен орталық алаң аумағына балалардың ойын-спорттық алаңы салынып, пайдалануға берілді. Тоқсан сайынғы кездесулердің тиімділігін айтқан қызылөзектіктер қала әкімінің бастамаларына қолдау білдіретіндігін айтып, келер жылға атқарылуы тиіс бірнеше ұсынысын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: