Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құс тұмауы расталды

22.06.2021, 11:00 599

HALYQLINE.KZ Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жабайы үйректерден құс тұмауы расталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өлген құсты жергілікті тұрғындар тапқан. Ветеринариялық қызметтің қызметкерлері талдау жасау және құстың қырылу себебін анықтау мақсатында биологиялық материалды жинаған. Ветеринария басқармасының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген зерттеудің хаттамасына сәйкес, өлген үйректерде құс тұмауы болған. Бұл ауданда үй құстарының құс тұмауын жұқтыру оқиғасы тіркелмеген. Су қоймасының маңында орналасқан елді мекендерде құстарды вакциналау жүргізілуде. Қазіргі кезде 5,7 мың құсқа екпе салынған. Жағдайды мал дәрігерлері мен мүдделі ведомстволар қадағалап отыр, жергілікті тұрғындармен байланыс орнатылған. Жабайы өзге құстардың қырылуы тіркелмеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: