Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылысшылар қайырымдылығы

11.08.2020, 8:45 454

HALYQLINE.KZ

Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін мереке қарсаңында аудан құрылысшылары тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек жасады. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білген құрыш қолды құрылысшылар тұрмысы төмен 30 отбасына азық-түлік алып берді. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «РЗА» АҚ, «Сыр Маржаны», «Жылу ХХІ», «Қазалы Жолшы», «Намыс Құрылыс», «ҚазалыСтройСервис», «Казқұрылыс», «Орион LTD», «Болашақ», «Сарым Құрылыс», «Энергомера», «Мұнайқұрылыс», «Нұрас и К», «Қазалы тұлпары», «Строймодуль Астана», «N Строй Сервис», «Мансури», «Сапақ», «Нұрсәуле құрылыс», «Аңсат Құрылыс», «Данияр 97» серіктестіктері, Қазалы темір бетон зауыты және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі игілікті іске ұйытқы болып, елдің алғысын алды.

Ауданның құрылысшылары сала ардагерлеріне де құрмет көрсетуді естен шығарған жоқ. Құрылысшылар қауымы сала ардагерлерінің үйіне барып, аудан әкімі М.Ергешбаевтың құттықтауын табыстап, сый-сияпаттарын көрсетті.

Ауданның құрылыс мекемелері әрдайым қандай жағдайда да қол ұшын созып, демеушілік жасап, алдыңғы қатарда тұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: