Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда

27.07.2022, 10:55 81

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда, Қызылорда облысында құрылыс және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылуда.Атап айтқанда, биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сыр өңірінде энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында 17,3 млрд теңгені құрайтын 106 жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі Қызылорда қаласында көпбалалы аналарға пайдалануға берілген Бәйтерек тұрғын ауданындағы тұрғын сектордың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд 060 млн теңге бөлінсе, Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кв электржелілік жүйені жаңғыртуға 898 млн 787 мың теңге қаралған.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Шиелі аудандарында тұрғын үйді жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 622 млн 160 мың теңге бөлінген. Айта кету керек, Қызылорда қаласының тұрғын үй қорында 800-ден астам көпқабатты тұрғын үй болса, соңғы 10 жылдың ішінде 185 көпқабатты үйлерге жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Биылғы жылы да осы жұмыстардың жалғасы ретінде облыс орталығындағы 11 үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар биыл мемлекеттік бюджет есебінен құрылыс саласында жалпы көлемі 60,6 млрд теңгені құрайтын 108 жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 27, Арал ауданында 5, Қазалы ауданында 13, Қармақшыда 13, Жалағаш пен Сырдарияда 4, Шиелі 5, Жаңақорған 2, Қызылорда қаласында 35 жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл жобалардың ішінде: облыстық қан орталығы, неке сарайы, мәдениет саласындағы көпсалалы кешен және 2 оқу корпустарының құрылысы бар. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен жобалардың тиімділігін әрі сапасын қадағалайтын арнайы Кеңес құрылып, жұмыс істеуде. Бұл кеңестің жұмысы ең алдымен бюджет қаржысының тиімді пайдалануын қадағалау және тұрғындар үшін қажетті нысандарды салуды көздейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: