Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрбан айт мерекесіне шектеу қойылды

29.07.2020, 17:50 493

HALYQLINE.KZ Қызылордада «Құрбан айт» мерекесі күндері жаппай іс-шараларға тыйым салынды. Құрбандық шалу онлайн режимде өтеді. Мұндай шаралар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылданды. Тыйым салу туралы жаңа Қаулыны облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

«Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында №19 Қаулы қабылданып, бүгіннен бастап күшіне енді. Атап айтқанда:

1. Көпшілік, мерекелік және отбасылық іс-шараларын, оның ішінде үй ішінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге;

2. Орталық мешітімен белгіленген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базары қызметіне;

3.Мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға;

4. Мал сою орындарын анықтау және құрбан шалу рәсімдерін онлайн форматта жүзеге асыруын ұйымдастыруды;

5. Мал сою цехтарына бөгде адамдарды жібермеуді;

6.Мал союға тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған малдың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі ветеринариялық-санитарлық ережелер талаптарының сақтау.

«Облыс тұрғындарын Қаулыдағы шектеулерді қатаң түрде сақтауға шақырамыз», – деді облыстың Бас мемлекетттік санитариялық дәрігері Әлия Мүтәліпқызы.

«Биыл «Құрбан айт» мерекесі эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгеше өтілетін болады. Яғни, мешітттерде Айт намазы оқылмайды, әр адам үйінде күн шыққаннан кейін бір сағаттан соң құрбан шалуына болады. Халық денсаулығы – бірінші орында. Сол себепті «Құрбан айт» мерекесінде карантин талаптарын орындап, оқшауланайық», – деді облыстың бас имамы Болатбек Абуов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: