Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құндылық пен құнсыздық

11.06.2021, 10:00 724

HALYQLINE.KZ

Егер адамдар бір-бірін кемсітіп, құнсыздандырып айырылысса, кетісу оңайырақ болады. Қанша дегенмен бағалы емес, зиян құбылыспен айрылысқан жеңіл. Алайда өмір стратегиясы аясында құнсыздандыру – ресурсты желге ұшырумен тең. Егер бір адамды ұнатпай, жақтырмай, сырт айналсақ – сол адаммен бастан кешер өмірлік тәжірибеден бас тартқанымыз. Яғни, өмірдің текке өткені. «Осы есалаңға сонша уақытымды сарп еткенім-ай» деп іші ашып жататын адамдарды көп көрдім.

Өмірде айырылысу жиі боп тұрады. Айырылысқан соң не қалады? Тәжірибе мен оны кәдеге жарату мүмкіндігі бар. Егер бір адамды қатты бағалап, оны зор санасаң, айырылысу қиындай бермек. Себебі, ол өміріңнен кетсе, сондай құндылықты табу керек. Оны қайдан табасың? «Сен құндысың – мен құнсызбын» деген текетіресті тоқтату қажет. Өзіңнің де құнды екеніңді мойындай біл. Мұңаю, қиналу, оны еркіне жіберу дегенді бастан өткеру керек. Бәрін дұрыс қабылдай алу маңызды. Бұл – ұзаққа созылатын жұмыс.

Алайда ризалығыңды білдіріп, бір-біріңнің құныңды түсірмей айырылысу тәжірибені жемісті етпек. Осылайша өмір жолықтыратын әр адаммен болған тәжірибеңді көңіл сандығына салып, жинай бересің.

Ал, ең қиыны құнсыздандырған адам еш тәжірибе бермеді. Оны тағы да жолықтыруыңа тура келеді. Құнсыздандыру арқылы қоштасқандар біркелкі жағдайға, біртекті адамдарға жолыға беретіні содан. Басыңды алып қашқан тәжірибені бәрібір бастан кешіруге тура келеді. Әр тәжірибеден құндылық таба білген жандар өз қалауын реттеуге, басқаруға икемді болады. Олар келесі белестегі оқиғаларға дайын. Дер кезінде керек жерден табыла салатыны содан. Бұл шабыттандырады.

Мұның барлығы тек қарым-қатынасқа қатысты емес. Кез келген өмірлік жағдайды осылай өлшеуге болады. Ары қарай қозғалу үшін әр жағдайдың құндылығын тауып, анықтап, бағалай алу өте маңызды.

Аглая Датешидзе

Аударған  Шынар  Әбілда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: