Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құдайдың құлағын жақсылықпен түртіңдер!

30.11.2023, 9:40 174

– Қарақ­та­рым, жаман хабарды жая бермеңдер! Мал құлағы – саңырау. Жақсылықты жарнамалаңдар!

– Апа-ау, адамдар қазір жаман хабарды көп оқиды, көп көреді, жақсы хабар ешкімге қызық емес!

– Не дейді? Құдай, өзің кеше гөр! Қарақтарым, Құдайдың құлағын жақсылықпен түртіңдер!

***

– Үфффф, мына үйден адам арыла ма?! Шаршадым бәрінен!

– Келінжан, сабыр, айналайын! Бір-екі күнде абыр-сабыр басылады…

– Құрып кетсін бүйткен таусылмайтын туыстар!

– Тәйт! Олай деме! Әулеттен осы жалғыз бауырым ғана үбірлі-шүбірлі болған!

Көйлек сыртынан халат киіп, үлкен де болса үйдің тірлігіне араласып жүрген апаның иегі кемсеңдеп, босағаға отыра кетті…

***

– Балам, үйде үлкендер бар ма?

– Жоқ апа, әке-шешем түйе қарап кеткен…

– Қап…

– Жай сұрадыңыз ба?

– Мына көшеден үй алып едік, бір шәугім шай ішер замандас таппай жүрмін…

Айнұр  ТҰҢҒЫШБАЕВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: