Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚР Энергетика вице-министрі Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

27.02.2023, 18:00 336

HALYQLINE.KZ ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Жаңақорған ауданындағы табиғи уран өндірумен айналысатын «Байкен-У» серіктестігінің кен орнында болып, ондағы жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ, саланы цифрландыру мен жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша жиын өткізді. «Байкен-У» серіктестігі «Хорасан-2» кенішінде табиғи уранды 600-680 метр тереңдікте өндіреді. Бұл – еліміздегі ең терең кен орны. Қазір компания еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға, технологиялық процестерді жетілдіруге күш салып жатыр.

Бұған қоса, сапар барысында кен орнындағы техникалық қауіпсіздік, саланы цифрландыру, жер қойнауын пайдалану мен экологиялық мәселелер жан-жақты талқыланды. Сапар соңында Энергетика вице-министрі өндірістің қоршаған ортаға әсері бақылауда болатынын тілге тиек етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: