Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық орындар залалсыздандырылды

28.07.2020, 15:10 347 0

HALYQLINE.KZ Бүгінгі таңда аудандық шақыру пунктінде ығы-жығы адам. Оның себебі белгілі. Отан алдындағы борышын өтейтін азаматтар әскерге бару үшін күнделікті осында медициналық тексерістен өтіп, түрлі құжаттарын дайындайды.

Ал, қазіргі таңда жаһанды жан алқымнан алып тұрған жұқпалы індет көп адам жиналған жерде тез тарайды. Ал біздің негізгі мақсат – аурудың алдын алу, оның кеңінен таралуына жол бермеу. Ол үшін халық көп шоғырланған жерлерді дезинфекциялау қажет. Сондықтан бүгін арнайы мамандар аудандық шақыру пунктін залалсыздандырды.

Сондай-ақ, күнде кешкілік адам көп жиналатын Жалаңтөс батыр саябағы мен аудандық оқушылар үйінің алдындағы алаңға да дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: