Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазпошта» тұтынушылардан неге кешірім сұрады?

23.06.2023, 15:37 233

HALYQLINE.KZ

«Қазпоштаның» PR бөлімінің басшысы қазақ тілінде хабарламалар жіберілмеуіне байланысты туындаған қоғам наразылығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазпочта» АҚ мәліметінше, қазір хабарламалардың барлық түрлерін қазақ тіліне баптау және аудару жұмыстарымен айналысып жатыр. Компания хабарлама мәтіндерінің 70 түрін және push-хабарлама мәтіндерінің 16 түрін қамтитын 56 қызмет түрін көрсететінін ескере отырып, бұл жұмыс барысы бір ай ішінде аяқталады.

  • «Тұтынушылардан кешірім сұраймыз және хабарламаларды қазақ тілінде жіберу үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатқанымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік веб-сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мемлекеттік тілде жүргізілетінін мәлімдейміз. Пошта бөлімшелерінде тұтынушы қызметті өзіне ыңғайлы тілде таңдай алады», – деп хабарлады «Қазпошта» АҚ.

Еске салайық, бұдан бұрын желі қолданушылары ұлттық оператордың қазақ тілін менсінбейтініне наразылық білдірді.

  • «Масқара деп осыны айт. Қазпошта тек орысша SMS жазып қоймаған соң, бұларың не деп жазсам, Тәуелсіздіктің 32 жылы қарсаңында Михайлоков Кирил деген біреу былай дейді: Мемлекеттік тілде SMS жіберуге ақша жоқ. Бұрын екі тілде жазатын едік, сосын ақшаны үнемдеп, қазақтарға тек орысша жіберсек те жетер деп шешкен екен…», – делінген жазбада.

Айта кетейік, «Қазпошта» директорлар кеңесінің төрағасы – Николай Казутин. Төраға бұл қызметпен қатар «QazaqGaz» АҚ және «Самұрық-Энерго»АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: