Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақтелекомның» екі қызметкері жұмыс үстінде қаза тапты

07.08.2026, 11:10 80

Тамыздың алғашқы күндерінде Жамбыл және Қостанай облыстарында «Қазақтелекомның» екі қызметкері жұмыс барысында қаза тапты.

Алғашқы қайғылы жағдай 4 тамызда Жамбыл облысында тіркелген. Компания қызметкері арнайы техникамен жұмыс істеп жатқан кезде ауыр жарақат алып, көз жұмған.

Арада бір күн өткенде Қостанай облысында тағы бір қызметкердің қаза тапқаны белгілі болды. Ол байланыс желісінің бағандарында жұмыс істеп жүргенде ауыр жарақат алған.

Қазір екі оқиғаның мән-жайына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. «Қазақтелеком» марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: