Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірде үсік жүреді

24.05.2026, 8:26 122

Қазақстанның бірқатар өңірінде 24 мамыр күні тұрақсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс өңірлерде түнде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсуі мүмкін. Күндіз кей жерде қатты жаңбыр болжанды. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.  

Синоптиктер түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында және Жетісу облысының таулы аудандарында 1 градус үсік жүруі мүмкін екенін хабарлады.

Сонымен қатар елдің бірнеше өңірінде өрт қаупі сақталады. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының кей бөлігінде төтенше өрт қаупі болжанды.

Фото: Максат Шагырбай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: