Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар Астана күніне орай неше күн демалады

12.06.2025, 16:55 110

HALYQLINE.KZ

Шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.

Шілде айында Қазақстанда Астана күні тойланады.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 5-6-7 шілде күндері демалады.

5 күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – демалыс күні;
  • 6 шілде (жексенбі) – Астана күні;
  • 7 шілде (дүйсенбі) – ауыстырылған демалыс күні. 

Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 шілде (жексенбі) Астана күні;
  • 7 шілде (дүйсенбі) – демалыс күні.

ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Фото: qazir.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: