Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарына бөлінген дизель отынының қозғалысын бақылау күшейтілді. Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері шаруаларға арналған жанармайдың мақсатсыз пайдаланылмауы үшін түсті және цифрлық бақылау тетіктерін енгізді. Forbes Kazakhstan дерегінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель отынының бағасы нарықтық бағадан 15 пайызға төмендетілген.
Жаңа тәртіп бойынша дизель отынына жеке PIN-кодтар бекітілген. Сонымен қатар жанармай сары, көк және қызыл түске боялады. Электронды шот-фактуралар жүйесінде дизель отынына арналған бөлек виртуалды қойма ашылған. Министрлік мәліметінше, осы шаралардан кейін мақсатсыз пайдаланылған жанармай көлемі азайған. Нақты іріктеу 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін төмендеп, айырма 21 пайызды құрады.
Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 402 мың тонна дизель отыны бөлінген. Жанармай шаруаларға 1 ақпан мен 30 маусым аралығында жеткізіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!