Ресей президенті Путин Қазақстанда Тоқаевтың бастамасы бойынша орыс тілі жаңа Конституцияда ресми мәртебеге ие екенін, оған қоса Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы бастама көтергені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.
«Қазақстанда орыс тілі кеңінен қолданылатыны маңызды. Орыс тілінің қоғам өмірінің түрлі саласында қолданылуын республика басшылығы қолдап отыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жаңа Конституцияда орыс тілінің ресми мәртебесі расталды», — деді Владимир Путин.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтары жаңа Атазаңнан орыс тілінің мәртебесі туралы тармақты алып тастауды талап еткен.
Конституцияның жаңа жобасында орыс тіліне қатысты «тең» сөзін «қатар» деп ауыстырды.
Депутаттар мен шенеуніктер мұны «жетістік» деп бағаласа, ел азаматтары мен белсенділер «итке сүйек тастағанмен бірдей әрекет» деп наразылық білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!