Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу талап етілді

20.11.2026, 10:10 96

Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, ел аумағына әкелуге және сатуға толық тыйым салу ұсынылды. «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Epetition.kz ресми платформасында Денсаулық сақтау министрлігіне бағытталған петиция жариялады. Бастама авторлары энергетикалық сусындарға қатысты қолданыстағы шектеулер жеткіліксіз деп санайды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған. Ал 2026 жылы аталған өнімдерге акциз енгізілді. Алайда қоғамдық бірлестік өкілдері бұл шаралар мәселені толық шешпегенін алға тартып отыр. Олар энергетикалық сусындардың өндірісін, коммерциялық импортын, көтерме және бөлшек саудасын, сондай-ақ интернет арқылы сатылуы мен жеткізілуін тоқтатуды ұсынып отыр.

– Қазір энергетикалық сусындар 21 жастан бастап қолжетімді, бірақ кәмелетке толу кофеиннің ұйқы мен қан қысымына әсерін жоймайды, – делінген «Әкелер одағының» мәлімдемесінде. 

Бастама авторлары мектеп оқушылары арасында энергетикалық сусындардың кең таралғанына да алаңдаушылық білдірді. HBSC халықаралық зерттеуінің 2022 жылғы нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда сауалнамаға қатысқан 11–15 жастағы оқушылардың 20,5 пайызы энергетикалық сусындарды апта сайын, ал 3 пайызы күн сайын тұтынған. Яғни сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші оқушы мұндай сусындарды тұрақты түрде ішкен. 

Әзірге энергетикалық сусындарға толық тыйым салу туралы шешім қабылданған жоқ. Бұл қоғамдық бірлестік көтерген бастама.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: