Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда грантпен оқыған 20 мыңнан астам студент оқуын аяқтамаған

27.04.2026, 16:10 53

Қазақстан университеттерінде мемлекеттік грант негізінде білім алған 20 мыңнан астам студент оқуын толық тәмамдамаған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата өкілі Тілеген Қаскин Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2022–2024 жылдар аралығында шамамен 24 мың студент оқудан шығарылған. Олардың білім алуына бюджеттен 19,6 миллиард теңге бөлінген.

Сонымен қатар 10 мың студент бойынша пайдаланылған грант қаражаты туралы нақты дерек жүйеде жоқ. Бұған қоса, оқудан шығарылған студенттерден бөлінген қаражатты қайтарудың тиімді тетігі әлі қалыптаспаған.

Тағы бір мәселе – міндетті еңбек өтеуден жалтарудың түрлі жолы. Кейбір түлек магистратураға түсіп, кейін оқудан шығып кету арқылы бұл талаптан айналып өтеді. Осындай әрекеттердің салдарынан келетін болжамды шығын 10,8 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Сондай-ақ, шамамен 1,5 мың түлек әлі күнге дейін «жұмыс іздеуші» ретінде тіркелген.

Фото: forbes.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: