Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда арақ өндірісі айтарлықтай артқан

02.12.2022, 11:20 381

HALYQLINE.KZ Биылғы қаңтар-қазан аралығында сусын өндірісінің көлемі ақшалай көлемде 623 661,5 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 8,9% артқан. Бұл туралы Abai.kz сайты хабарлады.

Ұлттық статбюро мәліметінше, 10 айдың ішінде алкогольсіз 2 019 743,7 мың литр сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан.

Минералды және газдалған (қантсыз, хош иістендірілмеген) 555 096,3 мың литр су өндірілді, бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 пайызға төмен.

Алкоголь зауыттары 10 айда 49 513,1 мың литр арақ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға артық.

Табиғи жүзім шарабының өндірісі де 38,3% өсті – 24 340,4 мың литр.

Бұл ретте сыра өндірісі төмендеді – 10 айда 604 127,9 мың литр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз.

Қазақстанда сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: