Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: Шетелдік БАҚ не дейді?

12.06.2020, 16:25 618

HALYQLINE.KZ Әлемдегі жер үлкендігі бойынша тоғызыншы орындағы мемлекет болғанымен, Қазақстан туралы көптеген адамдар біле бермейді. Көп сапар шеккен адам ғана Қазақстанда таңғаларлық орындардың жеткіліктілігіне көз жеткізеді: қар жамылған тау шыңдары, үлкен таулы жазықтар, терең өзендер, шөлдер, шегі көрінбейтін гүлді далалар, адам аяғы баспаған орман қорықтары. Қазақстанның әсемдігін суреттеу үшін бірнеше бет аздық етеді. Ал, әлем баспасөзі біз туралы не жазып жатыр?! Мемлекетке қандай шолулар жасап жатыр?

Осы мәселені ескере отырып, Forbes.kz шетелдік порталды бір шолып шықтым. Аталмыш портал Қазақстан жайлы сөз қозғаған біршама жаңалықтары көзім шалды. Десе де, ақпараттардың арасынан жалған дегендерді де кезіктірдім. Соның ішінде шетелдік БАҚ өкілдері әсіресе Қазақстанның экономикасына баса назар аударғаны байқалады. Мәселен, «Қазақстан: жарқын болашақ үшін елде электроэнергия жете ме?», Қазақстанда бірнеше жылдан бері импорт, нарық, бензин, газойль салалары бойынша қиындықтар туындап келеді», – дейді ақпарат көздері.

Сонымен қатар, кейбір ақпараттарды жалған немесе шатастырып алған деген деректер де кездесті. Соның ішінде, «2010 жылында француздық Le Point басылымы «Қазақстан: Астана – Кавказдың Дубайы» деген мақала жариялайды. Журналист Режи Жант өз материалында Қазақстанның мұнайға бай екенін айта отырып, елімізді Кавказға жақын орналасады деген пікірде болған секілді. Автордың бұл қателігін Қазақстан ғана емес, Франция да байқап, бірнеше париждік веб-портал журналистің географиялық білімінің төмендігін сынға алады», – деп жазады.

Міне, осындай шетелдік БАҚ көздері Қазақстанның ахуалы мен өзіндік ақпараттарына үн қосады. Жақын арада «Қазақстандық тәуелсіз басылымдар бірінен соң бірі жабылып жатыр» деп аталған мақалаларында британиялық Guardian басылымы Nakanune.kz сайтына сот шешімін сынға алған. Соттың ұйғарымы бойынша «Казкоммерцбанктің» іскерлік беделіне келтірген нұқсанның орнын толтыру үшін сайттың меншік иесі Гузал Байдалинова қаржы мекемесіне 20 миллион теңге төлеуі тиіс» деген ақпарат көздерінде көріп шықтық.

Шетелдік БАҚ көздері осындай жағдайлармен орнығып, қалыптасуда. Әлі де көптеген мақалалар жазылатын сыңайлы. Сондықтан, еліміздегі баспасөз беттерін орнықтырып, біршама істерген ден қою керек сыңайлы.

Дәулет САҒИТ,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың 3-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: