Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: 20 жылда болмаған жауын-шашын рекорды тіркелді

08.09.2020, 10:30 362 0

HALYQLINE.KZ «Тамыз айында Қазақстанда жауын-шашын бойынша бірнеше рекорд орнатылды» деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. 

«Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде жауын-шашын нормасынан бір-төрт есе көп түскен», – дейді синоптиктер.

Мысалы, 6 тамызға қараған түні Маңғыстау облысының Ақтау метеостанциясына 66 миллиметр жаңбыр түсіп, айлық нормадан 11 есе асып кетті (бір айдағы норма – алты миллиметр). Бұл – бақылау тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» мәліметінше, Қызылорда облысында Шиелі метеостанциясында 1 тамызда айлық орташа норма екі миллиметр болған кезде жауын 17 миллиметр түскен. Бұл станция үшін метеобақылаудың барлық қатары үшін рекорд болды.

«Түркістан облысының Қазығұрт метеостанциясында 26 тамызда айлық норма төрт миллиметр болса, осы кезде 15 миллиметр түсіп кетті, бұл – шамамен төрт айлық норма. Мұндай жағдайлар аз, шамамен 20 жыл бұрын 2001 жылы осы метеостанцияда 14 миллиметр тіркелді» деп түсіндірді «Қазгидромет».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: