Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық құрылысшыларға құрмет көрсетілді

10.08.2020, 15:55 367 0

HALYQLINE.KZ

Соңғы жылдары Қазалы ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылдың өзінде бірнеше көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, жүздеген адам баспанаға ие болды. Бүгін құрылысшыларға құрмет көрсеткен аудан басшысы Мұрат Ергешбаев осылай деді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

– Аймағымыздың құрылыс саласы бойынша қол жеткен жетістіктерінің мол екендігін қазіргі уақытта салынып жатқан құрылыстардан анық байқауға болады. Биылғы жылдың өзінде ауданның құрылыс, инфрақұрылым дамыту, автомобиль жолдары саласы бойынша барлығы 75 нысанның құрылысын жүргізуге 9 млрд-там астам қаржы бөлініп, осыншама ауқымды істер Сіздердің кәсіби біліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында жүзеге асуда.

Әлеуметтік-мәдени нысандармен қатар, тұрғын үй кезектілігін азайту үшін 18 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үй, 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығы,«Аймақаш» тұрғын ауданын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде, – деген Мұрат Нәлхожаұлы құрылыс саласының үздіктерін марапаттады.

Аудандағы барлық құрылыс компанияларының басшыларынан бастап, тас қалаушы, жүргізуші, дәнекерлеуші, тағы басқа кәсіп иелеріне облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың құттықтауын жеткізіп, алғыс хатын табыстады.

Мұнан соң бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС, «LCL-MK» ЖШС, «МФК Тұран» ЖШС, «ЖылуХХI» ЖШС-не аудан әкімінің «Дипломы» табысталды.

Салтанатты шара барысында ардагер теміржолшы Жақсылық Көрпебаев «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Құрыш қолды құрылысшыларды аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков те құттықтап, мерекелік лебізін жеткізді. Ал, «Намыс Құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулі құрылысшыларға құрмет көрсеткен аудан басшыларына алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Бүгінгі таңда еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты көптеген шараларды ұйымдастыру тоқтатылғанын өздеріңіз білесіздер. Әйтсе де құрыш қолды құрылысшылар мереке қарсаңында аудандағы 30 тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, құрылыс саласында еңбек еткен 19 ардагерге аудан әкімінің «Құттықтауы» мен сый-сияпаттары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: