Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыдағы өрт: 2018 шаршы метр жанып кетті

25.06.2020, 17:55 1089

HALYQLINE.KZ Бүгін Әйтеке би кентіндегі «Ер-Нұр» сауда базарының аумағында орналасқан «Нұр» асханасының көлемі 64 ш.м. шатыры, екі қабатты «Орынай» сауда үйінің көлемі 1000 ш.м. және Ақбота сауда үйіннен көлемі 154 ш.м. өрт шықты. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев баяндады.

«Сағат 08:32 минутта 101 телефонына сауда базарының аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барғанда «Арзан» сауда үйіне көлемі 500 ш.м., «Баянсұлу» шаруашылық дүкеніне көлемі 60 ш.м., белгісіз азық-түлік дүкеніне көлемі 90 ш.м., «Теңел» дүкеніне көлемі 150 ш.м. көшіп жанып жатқаны анықталды. Жалпы өрттің ауданы 2018 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 10:18 минут кеткенде оқшауланып, сағат 11:13 минутта толық сөндірілді. Оқиға барысында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деді Руслан Сламбекұлы.

Өртті сөндіруге 33 қызметкер және 3 автокөлік жұмылдырылды. Сонымен қатар, полиция қызметінен 40 қызметкер мен 6 автокөлік, жергілікті атқарушы органнан 30 адам, 1 су тасығыш автокөлік пен 2 дана мотопомпа және «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен 10 адам, 1 автокөлік және 2 мотопомпа қарастырылды.

Өткен жылдың 8 қарашасында «Орынай» базары жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылып, тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 7 кемшілік анықталып, «Ескерту» түріндегі шара көрілді. Кемшіліктерді жою үшін 29 мамырға дейін ұйғарым шығарылған. Дегенмен елдегі 1 қаңтардан бастап шағын және микрокәсіпкерлікке мораторий жариялануына байланысты қайта тексеру жұмыстары жүргізілмеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: