Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда сайлау күні этноауыл құрылды

19.03.2023, 12:10 167

Ел өмірі үшін маңызды саяси науқан күні Аудандық оқушылар үйінде орналасқан №56 сайлау учаскесі сайлаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұнда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Этноауыл» құрылды.

Сайлауға келген дауыс берушілерге ұлттық ас өнімдері ұсынылып, өнерпаздар ән-шашуын тарту етті.

Этноауылда ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Сонымен қатар, дауыс беруге келген білім саласының ардагерлері тал егіп, мереке қарсаңындағы игі іске өз үлестерін қосты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: