Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда қыз ұзатқан тұрғын айыппұл төлемек

27.07.2020, 9:50 290

 HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында карантин режимі талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған мобильдік топ жүргізген рейд жұмыстарының нәтижесінде Әйтеке би кентіндегі жеке тұрғын үйде қыз ұзату тойын жасап жатқандығы анықталды.

Мобильді топ мүшелері тұрғын үйде болып, той өтіп жатқандығы анықталған соң хаттама толтырып, заңдылыққа сәйкес шара көру үшін құзырлы органға жолданды.

Сондай-ақ, мобильді топ мүшелері той жасағалы жатқан 2 тұрғын үйді анықтап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, үй иесі көп адамның басын қосып, той жасайтын болса тиісті заңдылықтарға сәйкес айыппұл салынатыны айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: