Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда қарттарға құрмет көрсетілді

02.10.2020, 15:30 489

HALYQLINE.KZ Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев денсаулық сақтау және білім беру саласының ардагерлерін де мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен Қазалы ауданаралық ауруханасында көп жыл медицина саласында еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлермен кездесті. Кездесуде ардагер дәрігерлерге ақжарма тілектер айтылып, мерекеге орай сый-сияпаттар жасалды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кездесуге келген медицина саласының ардагері Сержанқожа Берденұлын 80 жасымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Басқосуда Болат Сәдуов бастаған бір топ медицина саласының ардагерлері аудан әкіміне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мұнан соң ардагер ұстаздарды да құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

Мерекелік кездесуге ҚР Білім беру ісінің үздігі Гүлшат Садықова, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Айзада Ешмаханова, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Серік Қуанышбай бастаған бірқатар ардагер ұстаздар қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Басқосуға жиналған барлық ардагер ұстаздарға аудан әкімінің құттықтау хаты табысталып, мерекелік сый-құрмет жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: