Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда көп салалы қызмет көрсету орталығы ашылады

04.08.2020, 14:40 705

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойынан тағы бір көп салалы қызмет көрсету кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Аудан орталығы – Әйтеке би кентіне жақын жердегі «Қашқан су» көлінің жағасындағы 3 гектар аумақта қонақүй, тамақтану орны, автотұрақ, автокөлік жуу орталығы және шағын маркет ашылып, жолаушылар мен тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Жалпы құны 350 млн теңге болатын жобаны қолға алған жеке кәсіпкер – Бақытбек Ерхатов. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары аяқталып, жоба толық іске асқан кезде мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Құрылыс нысанының басында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жеке кәсіпкермен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өз ісін бастап, жеке кәсіппен айналысамын деген әрбір адамға қолдауға әзір екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазалыда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан «Арзан Сити», «Мирас» кешендері, «Sinooil», «TS Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағар май бекеттері пайдалануға берілген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: