Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда «Алтын дән-2020» мерекесі өтті

20.11.2020, 16:50 421 0

HALYQLINE.KZ

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан халқын береке мен молшылықтың бастауы – «Алтын дән – 2020» мерекесімен құттықтап, ауыл еңбеккерлерінің ел үшін еткен ерен еңбектерінің ақталғанын атап өтті. Табысқа жеткен озаттарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күріш дақылынан мол өнім алған шаруашылықтар да марапат төрінен көрінді. 50 центнерден өнім алған «Агро Өркен» ЖШС 1-дәрежелі, 48 центнер көрсеткішпен «РЗА-Агро» ЖШС 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев жетекшілік ететін «Сыр маржаны» ЖШС «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясына ие болды.

Айта кетейік, қазалылық диқандар биылғы жылы егілген 6496 гектар күріштің әр гектарынан 41 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 25 мың тоннадан астам астық құйды.

Ауданда егін шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту бағытында да толайым табыстарға қол жеткізілді.

Жыл басынан бері 10,9 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Барлық ауылдарда атакәсіп – бау-бақша егу жұмысы жанданды. Биыл 15 мың тоннаға жуық бау-бақша өнімдері алынса, 3 мың тоннаға жуық күріш Ресей, Украина, Тәжікстан мен Өзбекстан еліне экспортталды. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 1 мың тоннадан астам балық өнімдері Германия, Дания, Грузия, Қытай мемлекеттеріне экспортқа шығарылды.

Халқымыз «Жер жомарт, жерге сенген ел жомарт, еңбек еткен ер жомарт» деген. Биылғы егін жинау жұмысының қорытындысымен қазалылық еңбек озаттары да аймағымыздың құрмет төрінен көрінді. Бірқатар азаматтар «Құрметті ардагер» медалін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасын» иеленді.

Салтанатты шарада Қазалы ауданы мен Қызылорда облысының құрметті азаматы, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов та сөз сөйлеп, диқаншылар қауымын марапаттарымен құттықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: