Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы қамданып жатыр

01.04.2020, 14:05 1074

Бүгін жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолынан Әйтеке би кентіне кірес беріс жолдарына тосқауыл бекеті қойылды. Осылайша басқа облыс пен аудан тұрғындары үшін Қазалы ауданына кіретінжол жабық.

Тек азық-түлік, дәрі-дәрмек пен өзге де медициналық бұйымдар тасымалдайтын және өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметіне қажет көліктер арнайы құжаттары болса ғана тексеріліп жіберіледі.

Айта кетейік, бүгіннен бастап Қазалыда ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен балабақша, базарлар мен азық-түлік өндірмейтін барлық кәсіпкерлік нысан уақытша жұмыс істемейді.Қоғамдық тамақтану орындары «Тұтынушыға жеткізу» қызметіне көшеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: