Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы жаңа жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

24.04.2026, 16:00 46

Бұл бастамалар елдегі цифрлық және технологиялық білімді дамытуға бағытталған. Президент тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School атты жасанды интеллект мектебі құрылған еді. Қысқа уақыт ішінде нәтижесін көрсеткен бұл жоба енді республика бойынша кеңінен енгізілмек.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы телекөпір арқылы еліміздің 14 өңірінде ашылған Tomorrow School мектептерінің желісін іске қосты.

Жаңа білім беру орталықтары кәмелет жасынан асқан азаматтарға арналған. Әсіресе, IT саласына жаңадан бет бұрғандар үшін бұл мүмкіндік маңызды болмақ. Оқу тегін жүргізіледі және қатысушылар заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негіздерін меңгере алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: