Қасқыр;
— Бұдан былай —
шөп жеймін! — деп,
ант берді.
Қойлар шулап
«Жеңдік!»- десіп
жатты енді.
Атбекеті* түлкі еді,
Қасқырдың,
Қол ұстасып
мұхит асып
жалт берді.
Он іздеп —
қой бишара
табар ма?!
«Баршаңызға өтініш!
Басқа қасқыр
Бізге «достық» ниетте,
Шөп жейтұғын
қасқыр көрсең хабарла?»…
* * *
Сонымен;
Қасқыр, қойға үйленді
Моп-момақан күйге енді,
Шөп жегенін көргем жоқ,
Маңырауды үйренді…
Арыстандай ақырған
Бар деп еді ағасы,
Қой жетектеп қасқыр жүр —
Ақталады-ау шамасы…
Азғана күн осылай
Қасқыр мен қой тең болды,
Заң қысқарып қасқырға-
Қой бейшара жем болды.
Алмас Алматов
Фейсбуктегі парақшасынан алынды.
Астана. 04.02.2025
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!