Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржылық сауаттылық немесе дүкендегі жағдай

21.01.2021, 14:15 655

HALYQLINE.KZ

Азық-түлік дүкенінде бір бұрышта күбір-күбір еткен ана мен баланы көрдім. Баланың қолында калькулятор. Бірдеңелерді есептеп тұр. Қажет затыма қатысты солармен иық тірестірдім.

– Каспий голдта 2300 теңге қалды. Алар затымызды сол сомаға шақтауымыз керек. Айдың аяқталуына әлі біраз күн бар, әкеңнің көлігі бұзылып тұр, ол қашан шығатыны белгісіз, – деді жас келіншек

– Анашым, йогурт алғым кеп тұр.

– Қазір қажет затымызды алайық, сен есепте, ақша қалса – аласың.

– Анашым, көп желінбейтін тамақты келілеп алмай-ақ, грамдап алсақ, үнемдеуге болады ғой.

Аналы-балалы бір кәрзеңкеге майын, сүтін, пешенейін, тағы басқасын таразыға тартып, толықтырып жүрді.

– Анашым, 2 йогуртқа жететін ақша қалды, алақай! – деді бала жарқын даусымен кассада тұрғандарды елең еткізіп.

– Ала ғой, балам.

– Балаңыз математик қой! – деді алда тұрған көзілдірігі бар ер адам.

– Қызым, жақсы тәрбие беріп жүр екенсіңдер, тиынның қадірін біліп өскен бала ертең есейгенде бекерге мал шашпайды, – деді екі жұмсақ бөлішкесін кеудесіне қысқан кейуана.

– Шүкір, рақмет, айлықтан айлыққа күн көретін біз секілді отбасына баланың қаржылық сауатты болғаны жақсы ғой, – деп жылы жымиды әлгі келіншек.

Тіл-көзіміз тасқа, Қызылордада және бір Асқар Жұмаділдаевтың ізін басар бала өсіп келе жатыр екен.

Міне, осындай жігіттер Экономика министрі болса, мемлекеттің қаржысы тиімсіз жобаларға, жөн-жосықсыз шоуларға емес, халықтың мұң-мұқтажын шешуге жұмсалар еді.

Айнұр  ТҰҢҒЫШБАЕВА,

журналист

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: